Мәзір
Футбол

Роналдудың жарақатына байланысты Мадридке емделуге аттанғаны белгілі болды

Сабина Асқарқызы 139 қаралым
Роналдудың жарақатына байланысты Мадридке емделуге аттанғаны белгілі болды

Сауд Арабиясының Al-Nassr FC клубының бас бапкері Jorge Jesus португалиялық шабуылшы Cristiano Ronaldo жарақатына байланысты Испанияның Мадрид қаласына емделуге баратынын мәлімдеді, деп жазады malimsports.kz. 

Бапкердің айтуынша, медициналық тексеруден кейін футболшының жарақаты бастапқыда болжанғаннан ауыр болып шыққан. Сондықтан Роналду жеке терапевтінің бақылауымен ем қабылдайды.

41 жастағы ойыншы 28 ақпанда өткен Сауд Арабиясы чемпионатының 24-туры аясындағы Al-Fayha FC клубына қарсы матчтан (3:1) кейін тізе асты сіңірін жарақаттаған.

Журналист Fabrizio Romano мәліметінше, Роналду екі-төрт апта аралығында алаңға шыға алмауы мүмкін. Соған байланысты ол жақын күндері өтетін екі матчты өткізіп алуы ықтимал.

Фото:  Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар