Роналдудың жалпы жылдық табысы жария болды
Қаржы саласының сарапшылары португалиялық жұлдыз Криштиану Роналдуды жер шарындағы ең жоғары жалақы алатын футболшы деп таныды. Ол табыс көлемі бойынша өз бәсекелестерінен екі еседен де артық табады, деп хабарлайды malimsports.kz El.kz интернет порталына сілтеме жасап.
Forbes мәліметінше, «Әл-Наср» командасының капитаны жылына шамамен 280 миллион доллар табыс табады. Бұл есепке футболшылардың негізгі табысы – жалақы, бонустар, сыйақылар мен имидждік құқықтардан түскен кірістер енгізілген.
Сонымен қатар, рейтинг авторлары спорттан тыс табыстарды да ескерген: демеушілік келісімдер, жеке бизнес және басқа да коммерциялық кірістер.
Роналдудың жалпы жылдық табысы:
230 млн доллар – футболдан;
50 млн доллар – спорттан тыс жобалардан.
Оның мәңгілік қарсыласы, аргентиналық Лионель Месси екінші орында.
«Интер Майами» ойыншысы жылына шамамен 130 млн доллар табады (оның ішінде 60 млн – футболдан, 70 млн – сыртқы табыс).
Үшінші орынға «Аль-Иттихад» шабуылшысы Карим Бензема жайғасқан – 104 млн доллар (100 + 4).
Әлемдегі ең көп табыс табатын алғашқы 10 футболшының тізімі:
Криштиану Роналду («Әл-Наср») – 280 млн (230 + 50)
Лионель Месси («Интер Майами») – 130 млн (60 + 70)
Карим Бензема («Әл-Иттихад») – 104 млн (100 + 4)
Килиан Мбаппе («Реал») – 95 млн (70 + 25)
Эрлинг Холанд («Манчестер Сити») – 80 млн (60 + 20)
Винисиус Жуниор («Реал») – 60 млн (40 + 20)
Мохаммед Салах («Ливерпуль») – 55 млн (35 + 20)
Садьо Мане («Аль-Наср») – 54 млн (50 + 4)
Джуд Беллингем («Реал») – 44 млн (29 + 15)
Ламин Ямаль («Барселона») – 43 млн (33 + 10)
Қаржы сарапшыларының пікірінше, Таяу Шығыстағы футбол лигаларының жомарт келісімшарттары мен демеушілік жобалары спортшылар табысын бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткізді.
Фото: Ашық дереккөзден
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған