Роналду жаңа шаш үлгісімен көпшіліктің назарын аударды
Португалиялық жұлдыз Криштиану Роналду имиджін өзгертіп, шашының түсін жаңартты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы әлеуметтік желідегі парақшасында 41 жастағы шабуылшының жаңа образдағы суретін жариялады.
«Әл-Насрға» енді ғана кім келгеніне қараңыздар», – деп жазылған жазбада.
Суреттен Роналдудың шашын мыс түстес реңкке бояғанын көруге болады. Футболшы жаңа образын Instagram желісіндегі сторисінде де бөлісті.
Роналду 2023 жылдан бері «Әл-Наср» сапында өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда португалиялық шабуылшы клубымен бірге Сауд Арабиясы чемпионатында жеңіске жетті.
Айта кетейік, 11 тамызда Роналдудың 2016 жылдан бері бірге жүрген Джорджина Родригеске үйленгені белгілі болды.
Криштиану Роналду – «Алтын доптың» бес дүркін иегері, 2016 жылғы Еуропа чемпионы және Ұлттар лигасының екі дүркін жеңімпазы (2019, 2025). Сондай-ақ ол Чемпиондар лигасын бес рет жеңіп алған.
Фото: «Әл-Наср» ФК
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған