Португалиялық футболшы Криштиану Роналду Globe Soccer Awards сыйлығында Таяу Шығыстың жылдың үздік футболшысы деп танылды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ол бұл беделді марапатты үшінші жыл қатарынан жеңіп алды.
Сауд Арабиясының «Ән-Наср» клубында ойнайтын Роналду биылғы жылы 40 гол соқты. Ол марапат үшін күресте Карим Бенземаны («Әл-Иттихад»), Салим әл-Давсариді («Әл-Хиляль») және Рияд Марезді («Әл-Ахли») артта қалдырды. Марапаттау рәсімі Дубай қаласында өтті.
Салтанатты кеште көптеген жүлделерді ПСЖ (Пари Сен-Жермен) клубының өкілдері жеңіп алды.
Басқа лауреаттар:
Үздік ерлер клубы - ПСЖ
Үздік ұлттық құрама - Португалия
Үздік жаттықтырушы - Луис Энрике (ПСЖ)
Жылдың үздік футболшысы - Усман Дембеле (ПСЖ)
Үздік футболшы әйел - Айтана Бонмати («Барселона»)
Марадона атындағы жүлде және үздік шабуылшы - Ламин Ямаль («Барселона»)
Үздік жартылай қорғаушы - Витинья (ПСЖ)
Жылдың ең үздік қайта оралуы - Поль Погба («Монако»)
Үздік жас ойыншы - Дезире Дуэ (ПСЖ)
Фото: Getty Images