457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Роналду бойкотқа байланысты «Ан-Насрдың» екінші ойынына қатарынан қатыспайды

«Ан-Наср» клубының капитаны Криштиану Роналду Сауд Арабиясы лигасындағы «Аль-Иттихадқа» қарсы матчқа арналған өтінімге енгізілген жоқ.

Бұған дейін Роналду қысқы трансфер кезеңінде «Ан-Наср» сапының елеулі күшейтілмегеніне наразы болып, «Эр-Риядқа» қарсы матчты бойкоттаған еді, деп хабарлайды malimsports.kz

«Ан-Наср» клубының капитаны Криштиану Роналду Сауд Арабиясы лигасындағы «Аль-Иттихадқа» қарсы матчқа арналған өтінімге енгізілген жоқ. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі Instagram парақшасында хабарлады. 

Португалиялық шабуылшы қысқы трансферлік терезеде клубтың құрамды айтарлықтай күшейтпегеніне көңілі толмай, өз алаңындағы «Эр-Риядқа» қарсы ойынды (1:0) бойкот жасаған. Португалияның A Bola басылымы Роналду клуб жалақы бойынша қарызын өтеген жағдайда алаңға шығуы мүмкін болғанын жазады.

Бұған дейін, 2 ақпанда, A Bola Роналдудың Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қоры (PIF) клубты басқару және оны күшейту саясатына наразы екенін хабарлаған. PIF бақылауында лигада көш бастап тұрған «Аль-Хиляль», сондай-ақ «Аль-Иттихад» пен «Аль-Ахли» клубтары да бар.

Саудия лигасы Роналдудың сынына: «Қаншалықты маңызды тұлға болса да, ешкім өз клубынан тыс шешімдерді анықтамайды», - деп жауап берген.

Роналдудың «Ан-Насрмен» келісімшарты 2027 жылдың жазыны дейін жарамды. Осы маусымда ол барлық турнирде 22 матч өткізіп, 18 гол соқты және үш нәтижелі пас берді.

Фото: Getty Images