457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Роналду «Альмерия» клубының ортақ иесі атануы мүмкін

27 турдан кейін команда 48 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орында тұр.

Португалиялық жұлдыз футболшы Криштиану Роналду испаниялық Альмерия клубының ортақ иесі атануы мүмкін. Бұл туралы Marca басылымы хабарлады, деп жазады malimsports.kz.

Әлемдік футбол жұлдызы, португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду испаниялық Альмерия клубының 25 пайыз акциясын сатып алған. 

«Мен тек алаңда ғана емес, одан тыс жерде де өз үлесімді қосқым келетін. Бұл – әлеуеті зор клуб», - деп мәлімдеді бес дүркін «Алтын доп» иегері.

Қазіргі маусымда «Альмерия» Испанияның Сегунда дивизионында өнер көрсетіп жатыр. 27 турдан кейін команда 48 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орында тұр. Көш бастап келе жатқан Расинг клубынан небәрі екі ұпайға қалып келеді.

Айта кетейік, бұған дейін Роналдудың клубпен бұл келісімі ресми түрде жүзеге асып, тәжірибелі футболшы еуропалық клуб басқаруына инвестиция салған ірі спорт жұлдыздарының қатарына қосылды. Сарапшылар бұл қадам «Альмерияның» қаржылық және маркетингтік мүмкіндігін арттыра түседі деп бағалап отыр.

Фото: Ашық дереккөзден