Роналду "Әл-Насрға" жасаған қарсылығын түбегейлі тоқтатты
«Әл-Наср» клубының капитаны Криштиану Роналду команда матчтарына қатысты бойкотын тоқтатты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы португалиялық A Bola басылымы жазды. Дереккөздің мәліметінше, жұлдызды шабуылшы клуб басшылығымен ортақ келісімге келіп, қайтадан негізгі құрамға оралған.
Басылым жазуынша, саудиялық клуб жетекшілігі португалиялық ойыншының қысымынан кейін бірқатар қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелерді реттеген. Атап айтқанда, қызметкерлер мен серіктестер алдындағы жалақы және төлем қарыздарына қатысты түйткілдер шешілген.
Роналду жақын күндері Түрікменстанда өтетін «Аркадагқа» қарсы матчта алаңға шықпайды. Оның ресми түрде алаңға оралуы 14 ақпандағы «Әл-Фатехке» қарсы ойынға жоспарланған.
Бұған дейін 41 жастағы футболшы «Әл-Насрдың» соңғы екі кездесуін өткізіп алған еді. ESPN және A Bola мәліметтері бойынша, Роналду Сауд Арабиясының Суверенді қорының (PIF) клубты басқару тәсіліне, трансферлік күшейту жұмыстарына және кейбір қызметкерлерге еңбекақының кешіктірілуіне наразылық білдірген.
Осы жағдайлар аясында америкалық FOX Sports телеарнасы Саудия Про-лигасымен әріптестікті тоқтатып, лига ірі көлемдегі телехабар тарату келісімшартынан айырылғаны айтылды.
Роналдудың «Әл-Насрмен» келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Осы маусымда ол барлық турнирде 22 матч өткізіп, 18 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.
Фото: Getty Images
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған