Роналду «Аль-Наср» сапында өнер көрсетуден бас тартты
Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубында өнер көрсетуден бас тартты, деп жазады malimsports.kz.
Бұған себеп ретінде футболшы клуб басшылығының Сауд Арабиясының Суверендік қоры (PIF) арқылы жүзеге асыратын жұмыстарымен қанағаттанбағаны аталады.
Басылымдардың мәліметінше, Роналду дүйсенбі күні өтетін Сауд Арабиясы чемпионатының 20-турындағы «Аль-Рияд» командасымен кездесуден де шығудан бас тартпақ. Оның бұл шешімі физикалық жағдайымен байланысты емес.
Роналду «Аль-Наср» клубына инвестиция көлемінің қысқаруына наразы. Бас бапкер Жорже Жезуш қыста күткен күшейтуді ала алмаған, команданың осы трансферлік терезеде алған жалғыз жаңалығы — 21 жастағы ирактық жартылай қорғаушы Хайдер Абдулкарим ғана болды.
Сонымен қатар, A Bola басылымының хабарлауынша, клуб директоры кеңесі спорт директоры Симау Коутинью мен генеральный директор Жозе Семедудың өкілеттігін уақытша тоқтатқан.
Роналду 40 жасында «Аль-Наср» сапында 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы маусымда ол 22 ойын өткізіп, 18 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Қазіргі кезде клуб турнирлік кестеде екінші орында тұр, «Аль-Хилялдан» 3 ұпай айырмашылығымен қалып отыр.
Фото: Getty Images
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған