457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Роналду 16 жылда алғаш рет бір жылды хет-триксіз аяқтады

Бұл оның спорттық мансабында 2009 жылдан бергі алғашқы жағдай болып отыр.

Португалия құрамасының және «Ан-Наср» клубының шабуылшысы, бес дүркін «Алтын доп» иегері Криштиану Роналду 2025 күнтізбелік жылын ресми матчтарда бірде-бір хет-трик жасамай аяқтады, деп хабарлайды malimsports.kz

Бұл оның спорттық мансабында 2009 жылдан бергі алғашқы жағдай болып отыр. 40 жастағы футболшы Сауд Арабиясы чемпионатының 12-туры аясында «Аль-Иттифакқа» қарсы өткен матчта (2:2) бір гол соқты. Бұл Роналдудың кәсіби мансабындағы 957-ші голы болды.

Жалпы 2025 жылы Роналду 41 гол соққанымен, бір матчта қақпаға үш доптан артық енгізе алмады. Ол соңғы рет хет-трикті 2024 жылдың мамырында, «Аль-Вахдаға» қарсы ойында (6:0) тіркеген.

Айта кетейік, Криштиану Роналду – бес дүркін «Алтын доп» иегері, Чемпиондар лигасының бес мәрте жеңімпазы әрі ресми матчтардағы әлемдік футбол тарихындағы ең үздік сұрмерген.

Фото: Getty Images