457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Роналдо мен Роберто Карлос Бразилияның үшінші дивизионындағы клубтың иесі атанбақ

Роберто Карлостың айтуынша, клубты Энрико және тағы екі серіктесімен бірге сатып алу арқылы олар өңірлік футболды дамытуға күш салмақ.

Футболдан әлем чемпиондары Роналдо мен Роберто Карлос Бразилияның үшінші дивизионында өнер көрсететін «Интернасьонал Лимейра» клубын сатып алуға қатысып жатыр. Бұл туралы Marca басылымы хабарлады, деп жазады malimsports.kz

Роберто Карлостың айтуынша, клубты Энрико және тағы екі серіктесімен бірге сатып алу арқылы олар өңірлік футболды дамытуға күш салмақ.

«Роналдо екеуміз Энрико және тағы екі серіктесімізбен бірге «Интернасьонал Лимейраны» сатып алып жатырмыз. Мақсатымыз - өңірлік клубтардың жұмысымен жақынырақ танысып, оларға демеушілер тартуға көмектесу және аймақтық футболды бұрынғы деңгейіне қайта көтеру», - деді Роберто Карлос.

Басылымның мәліметінше, жоба аясында Роналдо мен Роберто Карлос өңірлік футболды дамытуға, жас ойыншыларды тәрбиелеуге және жергілікті клубтардың жұмысын қайта ұйымдастыруға қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Роналдо бұған дейін де футбол клубтарының иесі болған. Ол 2018 жылы Испанияның «Реал Вальядолид» клубының бақылау пакетінің 51 пайызын шамамен 30 миллион еуроға сатып алып, кейін 2025 жылы америкалық Ignite инвестициялық қорына 50 миллион еуроға сатқан. Сондай-ақ, 2021 жылы Бразилияның «Крузейро» клубының 90 пайыз акциясын шамамен 70 миллион долларға иеленіп, клубты қаржылық дағдарыстан шығарған. Кейін 2024 жылы өз үлесін кәсіпкер Педру Лоренсуге 117 миллион долларға өткізген.

Фото: Getty Images