Роберт Левандовски жарақатына байланысты "Атлетикоға" қарсы ойынға қатыспайды
«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски сол жақ көз ұясының сынуына байланысты 3 наурыз күні «Атлетикоға» қарсы өтетін матчқа қатыса алмайды, деп жазады malimsports.kz.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Поляк футболшысы 28 ақпанда «Вильярреалға» қарсы кездесуде (4:1) жарақат алған. Ол ойында қосымша уақытта гол соққан еді.
37 жастағы шабуылшы осы маусымда 32 матчқа қатысып, 14 голдың авторы атанды.
«Барселона» Испания кубогының жартылай финалындағы қарымта матчты «Атлетикоға» қарсы өткізеді. Алғашқы кездесу 12 ақпанда өтіп, мадридтік клуб 4:0 есебімен жеңіске жеткен.
Екінші жартылай финалда «Атлетик» пен «Реал Сосьедад» командалары кездеседі.
Фото: Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған