Роберт Левандовски MLS клубына ауысады
Польшалық шабуылшы Роберт Левандовски мансабын АҚШ-тың Major League Soccer (MLS) лигасында жалғастыруға жақын. Танымал инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, 37 жастағы футболшы «Чикаго Файр» клубымен келісімге келіп, алдағы күндері ресми келісімшартқа қол қояды, деп жазады malimsports.kz.
Журналистің айтуынша, Левандовски мен америкалық клуб екі апта бұрын келіссөздер жүргізген. Алайда келісімшарттың мерзімі мен қаржылық талаптары әзірге жарияланған жоқ.
Мамыр айында Роберт Левандовски 2022 жылдан бері өнер көрсеткен «Барселонадан» кететінін мәлімдеген болатын. Испаниялық клуб сапында ол үш мәрте Ла Лига чемпионы атанып, бір рет Испания кубогын және үш мәрте Суперкубокты жеңіп алды. Каталониялық команда құрамында 193 матчқа қатысып, 120 гол соқты.
Польша ұлттық құрамасының капитаны саналатын Левандовски халықаралық деңгейде де рекорд иесі. Ол ұлттық құрама сапында 167 ойын өткізіп, 89 гол соққан.
Қазіргі уақытта «Чикаго Файр» MLS-тің Шығыс конференциясында үшінші орында келеді. Команда тек «Нэшвилл» мен «Интер Майамиден» ғана қалып тұр. Лиганың жаңа кезеңі шілде айында басталады.
Фото: Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған