Мәзір
Футбол

Рим папасы Лев XIV «Реал» мен «Барселона» арасынан таңдау жасады

Сабина Асқарқызы 60 қаралым
Рим папасы Лев XIV «Реал» мен «Барселона» арасынан таңдау жасады

Рим папасы Лев XIV «Реал» мен «Барселона» футбол клубтарының арасынан мадридтік клубқа басымдық беретінін мойындады, деп хабарлайды malimsports.kz. 

6 маусым күні Лев XIV Мадридке келді. Ол Испанияға алты күндік сапармен барған. Басылым X әлеуметтік желісінде понтифик мінген ұшақтан түсірілген видеоны жариялады. Журналист Рим папасынан «Реал» мен «Барселонаның» бірін таңдауды сұраған.

«Бұл – оңай сұрақ. Рим папасы барлық команданы қолдайды, ал Превост мадридтік “Реалға” жанкүйер», - деп жауап берген Лев XIV.

Айта кетейік, «Реал» мен «Барселона» – Испания футболындағы ең басты әрі бітіспес қарсыластар екені көпшілікке белгілі. Олардың өзара кездесулері «Эль-Класико» деген атаумен танымал. 

Фото:  Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар