457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресми түрде Ислам Чесноков Шотландия клубына ауысты

Бұған дейін мұндай жетістікке тек 1984/85 жылғы маусымда сэр Алекс Фергюсон жаттықтырған "Абердин" ғана қол жеткізген.

Шотландияның Хартс футбол клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков трансферін ресми түрде жариялады.

Эдинбургтік клуб футболшының трансферіне арналған бейнероликті Instagram парақшасында жариялап, онда Чесноков Қазақстан туымен бейнеленген. Сонымен қатар видео барысында оның Шотландияға дейінгі жолының бастапқы нүктесі ретінде Қостанай қаласы көрсетілген.

26 жастағы вингер Тобыл клубынан еркін агент ретінде ауысып, «Хартспен» 2028 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қойды.

Айта кетейік, «Хартс» қазақстандық футболшыны былтыр-ақ қатарына қосуды көздеген. Алайда трансферлік өтемақы бойынша келісімге келе алмағандықтан, мәміле тек ойыншының келісімшарты аяқталған соң жүзеге асты.

Қазіргі таңда «Хартс» Шотландия Премьер-лигасында 20 турдан кейін көш бастап тұр. Егер эдинбургтік клуб осы қарқынын сақтаса, соңғы 40 жылда алғаш рет "Селтик" пен "Рейнджерс" командаларын артта қалдырып, чемпион атануы мүмкін.

Бұған дейін мұндай жетістікке тек 1984/85 жылғы маусымда сэр Алекс Фергюсон жаттықтырған "Абердин" ғана қол жеткізген.

Өткен маусымда «Хартс» чемпионатты 6-орынмен аяқтаған. Ал соңғы бес жылда клуб екі мәрте қола жүлдеге ие болды.

Фото: «Хартс» ФК