Мәзір
Футбол

Ресми: «Брентфордтың» бұрынғы ойыншысы Яакко Оксанен «Қайрат» сапына қосылды

Сабина Асқарқызы 123 қаралым
Ресми: «Брентфордтың» бұрынғы ойыншысы Яакко Оксанен «Қайрат» сапына қосылды

25 жастағы финляндиялық орталық жартылай қорғаушы Яакко Оксанен алматылық «Қайрат» клубының ойыншысы атанды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Футболшы командаға еркін агент ретінде келді. Ол финляндиялық КуПС клубымен келісімшарты аяқталғаннан кейін «Қайратпен» 2027 жылдың желтоқсанына дейін келісімге қол қойды.

Ағымдағы маусымда Яакко Оксанен барлық турнирлерде 51 матч өткізіп, 4 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. Оның ішінде Конференциялар лигасындағы ойындары да бар. Сондай-ақ ол Финляндия ұлттық құрамасында бір матч, ал U-21 жастар құрамасында 15 ойын өткізген.

Оксанен футболдағы жолын ХИК клубының жасөспірімдер және резервтік құрамында бастады. Кейін Англияға ауысып, «Брентфорд B» сапында өнер көрсетті. 2020 жылы «Уимблдонға», 2021 жылы шотландиялық «Мортон» клубына жалға берілді. 2022 жылы Финляндияға оралып, КуПС командасының намысын қорғады.

Футболшының нарықтық құны шамамен 500 мың еуроға бағаланады. Оксаненнің келуі «Қайраттың» орталық аймағын күшейтіп, команданың ойынына тұрақтылық пен шабуылдағы креативтілікті арттырады деп күтілуде.

Фото: «Қайрат» клубының баспасөз қызметі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар