Ресейлік журналист Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне тағы бір үміткерді атады
Ресейлік журналист Александр Троицкий Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері қызметіне ықтимал үміткерлер туралы пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің «Азия-Спорт» телеграм-арнасында жазды.
Журналистің айтуынша, Қазақстан футбол федерациясы бас бапкер мәселесінде әлі нақты шешімге келе алмай отыр.
«Қазақстан құрамасының бас бапкері төңірегіндегі әбігер жалғасып жатыр. Әріптестер федерация Уэльс құрамасын ЕУРО жартылай финалына шығарған уэльстік Крис Коулманмен келіссөз жүргізгенін айтты.Бірде Каррера, бірде Байсуфинов, енді қайтадан шетелдік мамандарға оралуда. Коулманнан бөлек үміткерлер тізімінде поляк Пробеж және португалиялық Руй Жорже бар. Өз тарапымнан посткеңестік кеңістіктен тағы бір үміткер бар екенін қоса кетейін», - деп жазады Троицкий.
Сондай-ақ ол Қазақстан құрамасы аймақтағы бас бапкер мәселесі әлі толық шешілмеген жалғыз ұлттық құрама екенін атап өтті. Қазіргі уақытта команда тізгінін отандық маман Талғат Байсуфинов ұстап отыр. Мұндай жағдай тек Түрікменстан құрамасында ғана бар, ол жақта команданы Ровшен Мередов жаттықтырады.
Еске салайық, Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама ала алмады. J тобында қазақстандық команда төртінші орынмен шектелді. Осыдан кейін бас бапкер мәселесі күн тәртібіне қайта шыққан болатын.
Фото: ҚФФ
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған