457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресей футбол одағы УЕФА-дан қаржылай қолдау алып отыр

Ресейге УЕФА тарапынан шамамен 11 миллион еуро аударылды

Ресей футбол одағының (РФО) президенті Александр Дюков ұйым халықаралық турнирлерден шеттетілгеніне қарамастан, УЕФА-дан қаржылай көмек алып отырғанын мәлімдеді.

«Біз УЕФА-дан қаражатты тұрақты түрде алып отырамыз. Шынымды айтсам, бұл 11 миллион еуро ма, әлде басқа сома ма - нақты есімде жоқ», - деді Дюков Ресейге УЕФА тарапынан шамамен 11 миллион еуро аударылды деген ақпаратқа жауап беріп.

Александр Дюковтың айтуынша, бұл қаражат футболды дамытуға, инфрақұрылым салуға және түрлі жастар мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.

«Мысалы, «Мектептегі футбол» бағдарламасы мен Жастар футбол лигасы осы жобалардың қатарында», - деді ол.

Еске сала кетейік, Ресейдің клубтары мен құрамалары 2022 жылдан бастап ФИФА мен УЕФА аясындағы халықаралық жарыстардан шеттетілген.

Фото: Pexels