457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Реал» Жозе Моуриньюдің бас бапкер болып тағайындалғанын ресми түрде жариялады

Тиісті шешімді клуб президенті Флорентино Перес төрағалық ететін директорлар кеңесі бекітті.

Португалиялық маман Жозе Моуринью мадридтік «Реалдың» жаңа бас бапкері болып тағайындалады. Бұл туралы испаниялық клубтың ресми сайты хабарлады, деп жазады malimsports.kz

Тиісті шешімді клуб президенті Флорентино Перес төрағалық ететін директорлар кеңесі бекітті. Перес маусым айында «Реал» президенті қызметіне қайта сайланған болатын.

Моуриньюмен жасалған келісімшарт үш маусымға, яғни 2029 жылғы 30 маусымға дейін есептелген. 63 жастағы португалиялық маман жаттықтыру жұмыстарын 13 шілдеде бастайды.

Осы хабарлама жарияланар алдында Моуринью жұмыс істеген Лиссабонның «Бенфика» клубы оның «Реалға» ауысуға келісім бергенін мәлімдеген еді. Ал мадридтік клубтың бұрынғы бас бапкері Альваро Арбелоа 9 шілдеде қызметінен кеткен.

Моуринью бұған дейін де «Реалды» 2010–2013 жылдары жаттықтырған. Оның жетекшілігімен команда Испания чемпионатын, Испания кубогын және Испания суперкубогын жеңіп алған.

Фото: Ашық дереккөзден