«Реал» осы жазда басты жұлдыздарының бірімен қоштасуы мүмкін
Мадридтің «Реал» клубы осы жазда команда көшбасшыларының бірі Винисиус Жуниордан айырылуы ықтимал, деп хабарлайды malimsports.kz.
The Athletic басылымының мәліметінше, Лондонның «Арсенал» клубы бразилиялық шабуылшыны сатып алу үшін мадридтік клубқа ресми ұсыныс жасаған. Трансфер құны 135 миллион еуроны құрайды. Бұған қоса келісімде тағы 10 миллион еуро көлемінде бонустар қарастырылған.
Ақпаратқа сәйкес, Винисиус «Арсеналмен» жеке келісімшарт талаптары бойынша келісімге келген. Сондай-ақ футболшы «Сантьяго Бернабеуден» кетуге және мансабын Лондонда жалғастыруға дайын екенін білдірген.
26 жастағы шабуылшының «Реалмен» қазіргі келісімшартының аяқталуына бір маусым қалған. Тараптар жаңа келісім жасау жөнінде ұзақ уақыт келіссөз жүргізіп жатқанымен, әзірге ортақ мәмілеге келе алмаған.
Егер келісімшарт ұзартылмаса, Винисиусты сатып алуға басты үміткер ретінде «Арсенал» қарастырылып отыр.
Винисиус Жуниор 2018 жылы Бразилияның «Фламенго» клубынан «Реалға» ауысқан. Содан бері ол мадридтік команда сапында барлық турнирде 375 матч өткізіп, 128 гол соғып, 100 нәтижелі пас авторы атанды.
Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының қазіргі трансферлік құны 140 миллион еуроға бағаланады.
Фото: Global Look Press
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған