«Реал Мадрид» «Қайратқа» қарсы құрамын жариялады

Испанияның «Реал Мадрид» клубы футболдан УЕФА Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің екінші турында қазақстандық «Қайратқа» қарсы алаңға шығатын құрамын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Тарихи кездесу 30 қыркүйек күні сағат 21:45-те Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ойын тікелей эфирде «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі.
Бас бапкер Хави Алонсо бұл матчта тәжірибелі футболшыларға сенім артып отыр. Құрамда Тибо Куртуа, Килиан Мбаппе, Джуд Беллингем, Винисиус Жуниор сынды жұлдыздар бар.
Құрам толықтай:
Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро;
Қорғаушылар: Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес;
Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос;
Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Эндрик, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.
Айта кетейік, алғашқы турда алматылық «Қайрат» сырт алаңда Португалияның «Спортинг» клубына 1:4 есебімен есе жіберген болатын.

Ең көп оқылған
