Мәзір
Футбол

«Реал Мадрид» футболшылары бүгін Алматыға келеді

Сабина Асқарқызы 236 қаралым
«Реал Мадрид» футболшылары бүгін Алматыға келеді

Бүгін мадридтік «Реал» ойыншылары Алматыға жол тартады. Испания астанасындағы Адольфо Суарес атындағы Барахас халықаралық әуежайынан жергілікті уақытпен 13:30-да ұшып шығып, әуеде 8 сағат 20 минут болады, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Жоспар бойынша ұшақ Алматы әуежайына түнгі 00:50-де қонады.

Бұған дейін, шамамен он жыл бұрын «корольдік клуб» футболшылары әлемді екіқабатты, ең ірі жолаушылар ұшағы Airbus A380-800 бортында аралайтын. Ол кезде командаға «Fly Emirates» компаниясы демеушілік жасаған. Соңғы жылдары «Реал» Испанияның басты әуе компаниясы Iberia Airlines-пен келісімшартқа отырған. Алматыға да олар VIP-жолаушыларға арналған орта қашықтықтағы Airbus ұшағымен келеді. Жақында дәл осы әуе кемесімен Валенсияға ұшып барып, жергілікті «Леванте» клубын 4:1 есебімен жеңіп қайтқан болатын.

Айта кетейік, өткен түні сағат 01:50 мен 02:45 аралығында Алматы әуежайына Таяу Шығыстан бір мезетте 8 борт қонды: 6 ұшақ Қатардан, 1 Кувейттен және 1 Дубайдан келген.

30 қыркүйек күні «Реал Мадрид» УЕФА Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңі аясында «Қайратпен» кездеседі. Матч Астана уақытымен 21:45-те басталады.

Фото: Ашық дереккөзден 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар