«Реал» бас бапкері Альваро Арбелоа қызметінен кетті
Мадридтің «Реал» футбол клубы бас бапкер Альваро Арбелоаның қызметінен кеткенін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Клубтың баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде «Реалдың» Арбелоа мен оның отбасына алдағы өмір жолында сәттілік тілейтіні айтылды.
43 жастағы маман мадридтік ұжымды биыл қаңтар айында Хаби Алонсо қызметінен кеткеннен кейін басқарған еді. Бұған дейін ол клубтың екінші командасымен жұмыс істеген.
Арбелоаның жетекшілігімен «Реал» маусымды жүлдесіз аяқтады. Команда Испания чемпионатында екінші орын алып, Чемпиондар лигасының ширек финалында жарыс жолынан шығып қалды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, мадридтік клубтың жаңа бас бапкері қызметіне португалиялық маман Жозе Моуриньюдің келуі мүмкін.
Фото: Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған