457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Реал» Алонсоны қызметтен босатып, Арбелоаны бас бапкер етіп тағайындады

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

2010 жылғы әлем чемпионы Альваро Арбелоа Мадридтің «Реал» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды malimsports.kz

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Алайда 42 жастағы маманмен жасалған келісімшарттың шарттары жарияланған жоқ. Бұл қызметте Арбелоа Хаби Алонстың орнын басты.

Арбелоа «Реалдағы» мансабын 2001 жылы жастар командасынан бастаған. 2006 жылы «Депортивоға» ауысып, кейін ағылшынның «Ливерпуль» клубымен келісімшартқа қол қойды. 2009 жылы ол қайтадан «Реалға» оралып, командамен бірге екі рет Чемпиондар лигасын, екі рет Испания чемпионатын
және өзге де көптеген трофейлерді жеңіп алды.

2020 жылдан бері Арбелоа «Реал» жүйесінде түрлі жас санатындағы командаларды жаттықтырды. Ал 2025 жылы клубтың жастар командасының жетекшілік етті. 

Қазіргі таңда «Реал» Испания чемпионатында 19 турдан кейін 45 ұпаймен екінші орында, ал Чемпиондар лигасында 7-орында тұр. Арбелоа бапкер ретіндегі алғашқы ойынын 14 қаңтарда, Испания Кубогының 1/8 финалында «Альбасетеге» қарсы өткізеді.

Еске салайық, кеше «Реал» Испания Суперкубогының финалында «Барселонадан» 2:3 есебімен жеңілді. Соңғы апталарда Алонсоның қызметтен кетуі туралы қауесет көптен айтылып жүрген, ал басты қарсыластан жеңілу бұл шешімді тездеткен фактор болды.
Marca басылымының жазуынша, команда ойыншылары бұл жаңалықты күтпеген оқиға ретінде қабылдаған. Ресми мәлімдемеде клуб пен бапкер өзара келісіммен қоштасқаны айтылды.

44 жастағы Хаби Алонсо «Реалды» маусым басында басқарған. Ол бұған дейін «Байер» клубымен Германия чемпионы атанған болатын.

Фото: Ашық дереккөзден