457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Рамазан Оразов жарақатына байланысты екі айға қатардан шықты

«Елімайдың» жартылай қорғаушысы әрі команда капитаны Рамазан Оразов алған жарақатына байланысты шамамен екі ай бойы алаңға шыға алмайды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстандық футболшы УЕФА Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Арменияның «Алашкерт» клубына қарсы өткен алғашқы кездесуде жарақат алып, матчтың 17-минутында ойыннан кетуге мәжбүр болды. Оның орнына алаңға колумбиялық шабуылшы Дубан Паласио шыққан.

Медициналық тексеру нәтижесінде Оразовтың сіңірі үзілгені анықталды. Дәрігерлердің болжамынша, футболшыны қалпына келтіру процесі шамамен екі айға созылады.

Осылайша Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы 16 шілдеде Семейде өтетін «Алашкертке» қарсы қарымта кездесуге қатыса алмайды. Бұл «Елімай» үшін маңызды шығын болмақ.

Еске салайық, қос команда арасындағы алғашқы матч 1:1 есебімен тең аяқталған. Қарымта ойынның қорытындысы бойынша келесі кезеңге жолдама алған команда анықталады.

 

Фото: