457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Рамазан Оразов мансабын ресми түрде «Елімайда» жалғастырады

Клуб даниялық «Силькеборгтан» футболшының келісімшартын толық сатып алғанын мәлімдеді

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов мансабын ресми түрде семейлік «Елімай» клубында жалғастырады. Клуб даниялық «Силькеборгтан» футболшының келісімшартын толық сатып алғанын мәлімдеді.

Команданың Instagram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 27 жастағы тәжірибелі хавбек жаңа маусымда «Елімайдың» толыққанды ойыншысы атанды.

Рамазан Оразов өткен чемпионаттың екінші бөлігін аренда негізінде семейлік клуб сапында өткізген. Осы уақыт аралығында ол алаңда 820 минут ойнап, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Клубтың хабарлауынша, тұрақты ойынымен көзге түскен футболшы жанкүйерлердің сеніміне ие болып, соның нәтижесінде жазғы трансферлік кезеңде оның келісімшартын толық сатып алу туралы шешім қабылданған.

Оразов «Елімайға» қашан келді?

Рамазан Оразов семейлік клубқа 2025 жылдың шілде айында даниялық «Силькеборгтан» жалға алынған болатын.

Айта кетейік, өткен маусым қорытындысы бойынша «Елімай» Қазақстан Премьер-лигасында 4-орын иеленіп, өз тарихында алғаш рет Еуропа Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсету құқығына қол жеткізді.

Фото: ҚФФ