Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Рамазан Бағдат 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Англияға қарсы (0:2) өткен матчты қорытындылап, ҚФФ баспасөз қызметіне сұхбат берді, деп хабарлайды malimsports.kz.
– Өте қиын матч болды. Біз қарсыластың деңгейін ойынға дейін зерттеп, жақсы дайындықпен келдік.
– Екінші таймдағы ойын бірінші таймға қарағанда жақсырық көрінді. Үзіліс кезінде бас бапкер ойыншыларға не айтты?
– Әрине бас бапкер бізге қорықпай, тек өзіміздің ойнымызды ойнандар деді.
– Англия құрамасының деңгейі туралы не айта аласың?
– Бұл ойыншылар болашақ Англия құрамасының негізгі ойыншылары ғой. Деңгейлері өте жоғары.
– Қобыланды батыр атындағы стадиондағы атмосфера ұнады ма?
– Бұл стадионда атмосфера әр қашанда жоғары деңгейде. Осындай атмосфера мен жанкүйерлер алдында ойнау өте керемет.
– Шабуылда жүрген ойыншыларға қорғаушылардан пас жетпеді. Бұл дегеніміз ағылшын футболшыларының қорғаныс деңгейі жоғары болғандықтан ба?
– Біріншіден олардың қорғанысы мықты. Екіншіден бізге сәттілік жетіспеді.
– Бүгінгі ойында жақсы нәтижеге жету үшін не жетіспеді?
– Бізге әрине дайындыққа көп уақыт болмады, бір апта аз болды. Келесі ойындарға бізде уақыт бар деп ойлаймын. Бізге бір бірімізді танып, жақсы нәтижеге жетеміз деп ойлаймын.