Рафаэль Уразбахтин Суперкубок алдындағы дайындық туралы пікір білдірді
Алматының «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Қостанайдың «Тобылына» қарсы өтетін Қазақстан Суперкубогы қарсаңындағы дайындық жайында айтты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бапкер команда жаңа маусымның басталуын асыға күтіп отырғанын атап өтіп, жанкүйерлерге сапалы әрі тартысты ойын көрсетуге ниетті екенін жеткізді.
Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын. Біз жаңа маусымды тағатсыздана күтіп отырмыз. Стадионға келетін жанкүйерлерді қуантуға тырысамыз. Сапалы ойын көрсету үшін бар күшімізді саламыз. Ертең алаңда қандай деңгейде екенімізді көреміз, – деді Уразбахтин.
Оның айтуынша, маусым басында екі команда да әлі толық бабына келе қоймаған. Дегенмен алдағы кездесу тартысты өтеді деген сенім бар.
Еске салайық, Қазақстан Суперкубогы үшін «Қайрат» пен «Тобыл» арасындағы матч 28 ақпанда Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді.
Фото: "Қайрат" ФК
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған