Рафаэль Уразбахтин: «Интермен» ойын оңай болмасы анық
«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда «Интерге» қарсы өтетін матч алдында пікір білдірді.
Бапкер команда жақсы көңіл-күйде екенін және ойынға сеніммен дайындалып жатқанын айтты:
«Барлығы жақсы. Біз бұл ойынға көтеріңкі эмоциямен келдік. Қазақстан чемпионы атағын қорғадық, енді сабырмен дайындалудамыз. Қарсыластың өте мықты екенін түсінеміз, бірақ бұл өз деңгейімізді көрсетуге тағы бір мүмкіндік», - дейді бас бапкер.
Уразбахтин «Интердің» күшін ерекше атап өтті:
«Команда тәжірибелі, Италия чемпионатында екінші орында, чемпиондық үшін күресіп жатыр. Чемпиондар лигасында да жеңіліссіз келеді. Сондықтан қиын болатыны анық. Біз үшін батыл, тәртіпті, ұйымдасқан ойын көрсету маңызды. Берілетін мүмкіндікті барынша пайдалануымыз керек», - дейді ол.
Бапкер сондай-ақ команда құрамындағы жағдайға тоқталды:
«Барлық қақпашылар мен ойыншылар толық дайын, тек Мартыновичтің аздап жарақаты бар», - дейді Рафаэль Уразбахтин.
Ойын Миландағы «Сан-Сиро» стадионында өтеді. Уразбахтин команданың жатын кешені стадионға жақын орналасқанын айтып өтті:
«Стадионның жанында тұрып жатырмыз, бірақ қала орталығында емес. Жай ғана маңайын аралап шықтық», - дейді ол.
«Интер» – «Қайрат» матчы 6 қарашаға қараған түні, Астана уақытымен 01:00-де өтеді.
Фото: Чемпионат
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған