«Қызылжар» 10 ойыншымен камбэк жасады
8 наурыз күні Қазақстан Премьер-лигасының бірінші туры аясында Петропавлдағы «Қарасай» стадионында «Қызылжар» мен «Каспий» командалары кездесті.
Матчтың алғашқы бөлігінде қонақтар белсендірек ойнап, 11-минутта есеп ашты. Айып добынан асырылған пастан кейін португалиялық жартылай қорғаушы Андре Амарал баспен дәл соғып, ақтаулықтарды алға шығарды.
Бірінші таймда «Каспий» тағы бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Соның ішінде Диержон Арипов алыстан соққы жасап, допты қақпаның көлденең бағанына тигізді.
Екінші таймда «Қызылжар» ойын қарқынын арттырды. Кездесудің 83-минутында ивуариялық шабуылшы Этьенн Бугре гол соғып, есепті теңестірді.
Алайда 86-минутта петропавлдықтар үшін жағдай қиындай түсті – қорғаушы Тимур Мульдинов қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Соған қарамастан алаң иелері жеңісті жұлып алды. 89-минутта Фарер аралдары құрамасының жартылай қорғаушысы Йоаннес Бьярталид шешуші гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша, «Қызылжар» аз құрамда ойнай отырып, Қазақстан Премьер-лигасының жаңа маусымын жарқын жеңіспен бастады — 2:1.
Қазақстан Премьер-лигасы. 1-тур
«Қызылжар» – «Каспий» – 2:1
Голдар: Амарал 11 (0:1), Бугре 83 (1:1), Бьярталид 89 (2:1).
Алаңнан қуылды: Мульдинов 86 («Қызылжар»).
ФОТО: «Қызылжар»
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған