Мәзір
Футбол

Қызылордадағы жаңа стадион UEFA лицензиясын қашан алады

Сабина Асқарқызы 135 қаралым
Қызылордадағы жаңа стадион UEFA лицензиясын қашан алады

Қызылордада 2025 жылғы күзде 11 мың көрерменге арналған жаңа «Kaysar Arena» стадионы ашылды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының мәліметінше, стадион UEFA лицензиясына өткен жылы қазан айында қол жеткізген, ал ресми тапсыруы алдағы көктемге жоспарланған.

Стадион Қазақстан футбол федерациясы тарапынан лицензияланып, UEFA Time бағдарламасына 4-санаттағы стадион ретінде енгізілген. Инспекция сәуір–мамыр айларына жоспарланған және стадион барлық талаптарға сәйкес келеді. Ойын алаңы FIFA тестілеуінен өтіп, FIFA QUALITY PRO сертификатын иеленген.

Басқарма хабарлағандай, «Kaysar Arena» ауқымды матчтар мен халықаралық жарыстарды өткізуге толық мүмкіндік береді. Футбол алаңы заманауи жасанды көгалмен жабдықталып, жарықтандыру жүйесі UEFA стандарттарына сәйкес жасалған. Спорт нысанының жалпы аумағы 20 мың шаршы метрден асады, және ол UEFA-ның ресми сайтына енгізілген.

 

 

Фото: Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар