«Қызыл-Жар» футбол клубына айыппұл салынды
Қазақстан футбол федерациясы тергеуге көмектесуден бас тартқан «Қызыл-Жар» футбол клубын жазалады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақпараттың жазуынша, тергеу шілде айында Түркістанда «Қызыл-Жар» мен «Тұран» командалары арасында өткен ойынға байланысты жүріп жатыр. Бұл матч алдын ала келісіп қойылған ойын болуы мүмкін деген күдік бар.
Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этикалық комитетінің отырысы өтіп, «Тұран» клубымен өткен матчқа байланысты қызметтік тергеу ісіне көмектесуден бас тартып, кедергі келтіргені үшін «Қызыл-Жар» футбол клубына жаза қолданылды. Яғни, клубқа 100 АЕК, яғни 393 200 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл соманы 2025 жылдың 7 қарашасына дейін төлеу қажет.
Сондай-ақ клуб ҚФФ-ның Қауіпсіздік және интегрити қызметіне ойыншылардан, менеджерден, бапкерлік штабтан және матчқа қатысы бар өзге тұлғалардан сұрақ-жауап алуға көмектесуге міндетті.
Ал «Қызыл-Жар» футбол клубы ҚФФ шешімін орындамаған жағдайда қатаң шара қолданылады.
Фото: Ашық дереккөзден
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған