457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қытай футбол қауымдастығының экс-президенті спортта қызмет ету құқығынан айырылды

Ресми шешім ҚХР-дың спорт істері жөніндегі мемлекеттік басқармасы, қоғамдық қауіпсіздік министрлігі және Қытай футбол қауымдастығы (CFA) өткізген бірлескен баспасөз мәслихатында жарияланды.

Қытайдың футбол Суперлигасында өнер көрсететін «Шанхай Шэньхуа» клубы келесі маусымды 10 ұпай айыппұлмен бастайды. Бұл шешім Қытайда жүргізілген ауқымды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тексеру қорытындысы бойынша қабылданды, деп хабарлайды malimsports.kz

Айта кетейік, дәл осындай жаза «Тяньцзинь Цзиньмэнь Тайгер» клубына да қолданылды. Ресми шешім ҚХР-дың спорт істері жөніндегі мемлекеттік басқармасы, қоғамдық қауіпсіздік министрлігі және Қытай футбол қауымдастығы (CFA) өткізген бірлескен баспасөз мәслихатында жарияланды.

Жалпы есепте 13 клубқа ұпай шегеру жазасы берілді. Олардың қатарында Суперлигада ойнайтын тоғыз команда және Бірінші лиганың төрт клубы бар. Сонымен қатар барлық аталған командаларға 200 мың юаньнан 1 миллион юаньға дейін (шамамен 28,7 мыңнан 143,7 мың АҚШ долларына дейін) айыппұл салынды.

Футболға қатысты кез келген қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына 73 адам шеттетілді. Олардың қатарында Қытай футбол қауымдастығының бұрынғы президенті Чэнь Сюйюань, ұлттық құраманың экс-бас бапкері Ли Те, сондай-ақ Қытай құрамасында 10 матч өткізген бұрынғы жартылай қорғаушы Цинь Шэн бар. Чэнь Сюйюань 2024 жылы парақорлық үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.

Фото: Ашық дереккөзден