Мәзір
Футбол

Қуат Хамитов Қазақстан футбол құрамасын сынға алды

Сабина Асқарқызы 161 қаралым
Қуат Хамитов Қазақстан футбол құрамасын сынға алды

Қазақстандық ММА шебері Қуат Хамитов ұлттық құраманың Фарер аралдарына қарсы өткен жолдастық матчтағы кезекті жеңілісіне қатысты уытты пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Басылым мәліметінше, футболшылардың жеңілісі туралы жарияланған жазбаның астындағы пікірлер бөлімінде Хамитов тағы да Қазақстан құрамасын мысқылдап өткен.

«Біздің футбол — шілдедегі қар сияқты: бар деп айтады, бірақ іс жүзінде жоқ!», - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Қазақстанның ерлер құрамасы Хорватияда өткен жолдастық кездесуде Фарер аралдары командасынан жеңіліп қалған еді.

Бұған дейін, бірнеше апта бұрын Қуат Хамитов УЕФА Чемпиондар лигасындағы «Қайрат» клубының өз алаңындағы матч билеттерінің бағасы турнирдегі ең қымбаттардың бірі болғанына байланысты пікір білдірген болатын.

Фото: Ашық дереккөзден 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар