ҚПЛ: Төртінші турда стадионға қанша көрермен жиналды
Қазақстан Премьер-лигасының төртінші тур ойындарына келген көрермендер саны белгілі болды.
Жалпы алғанда, тур аясындағы барлық матчтарды 64 940 жанкүйер тамашалаған.
Ең көп көрермен Алматыдағы "Орталық" стадионында өткен “Қайрат” пен “Астана" кездесуіне жиналды. Бұл ойынды 22 800 адам стадионнан тамашалаған.
Ал ең төменгі көрсеткіш Қызылордада тіркелді. "Каспий" – "Жетісу" матчына небәрі 200 көрермен келген.
Турнирлік кестеде 10 ұпай жинаған "Қайрат" көш бастап тұр.
Еске салайық, бұған дейін "Астана" клубының бас бапкері Григорий Бабаян
төртінші турдағы "Қайратқа" қарсы матчқа қатысты пікір білдірген еді.
Фото: "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі
Ең көп оқылған