457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ҚПЛ төрешілері маусымның екінші бөлігіне дайындықтан өтті

Астанада Қазақстан Премьер-лигасының матчтарына қызмет көрсететін төрешілер, төреші көмекшілері және VAR мамандарына арналған оқу семинары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Іс-шара чемпионаттың екінші кезеңіне дайындық аясында ұйымдастырылды.

Семинарға 65-ке жуық маман қатысып, алдымен Ойын ережелері мен VAR жүйесіне қатысты теориялық тест тапсырды. Осылайша қатысушылар өздерінің кәсіби дайындық деңгейін растады.

Бағдарламаның негізгі бөлігінде төрешілер УЕФА ұсынған бейнематериалдарды, сондай-ақ Қазақстан Премьер-лигасы, Бірінші және Екінші лига матчтарындағы түрлі ойын эпизодтарын талдады. Мұндай жұмыс төрелік шешімдердің бірізділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар қатысушылар «Астана Арена» стадионында арнайы фитнес-тест тапсырып, физикалық дайындықтарын тексерді.

Семинар барысында қауіпсіздік пен спорттық адалдық мәселелеріне арналған арнайы сессия ұйымдастырылды. Онда жарыстардың әділ өтуін қамтамасыз ету және осы саладағы өзекті мәселелер талқыланды.

Семинар қорытындысы бойынша төрешілер мен VAR мамандары алған білімдері мен тәжірибелерін маусымның алдағы матчтарында қолдануға дайын екендерін жеткізді.

 

Фото: ҚФФ