Мәзір
Футбол

ҚПЛ: «Тобыл» өз алаңында «Ордабасыны» жеңді

Сабина Асқарқызы 70 қаралым
ҚПЛ: «Тобыл» өз алаңында «Ордабасыны» жеңді

Қазақстан Премьер-лигасының кейінге шегерілген IX турындағы соңғы ойында қостанайлық «Тобыл» өз алаңында шымкенттік «Ордабасыны» 1:0 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Матчтың 14-минутында Ислам Чесноков пенальтиден мүлт кетпей, жеңіс голын соқты. Осылайша қостанайлық клуб маңызды үш ұпайға қол жеткізіп, турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.

Айта кетейік, бұл екі команда енді 4 қазанда Қызылордада өтетін Қазақстан кубогының финалында қайта жолығады.

Келесі тур ойындары 27, 28 қыркүйек және 5 қазан күндері өтеді.

 

Фото: Тобыл ФК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар