457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ҚПЛ клубтарының жалпы құны белгілі болды

Қазақстан чемпионаты Еуропадағы ең қымбат 30 лиганың қатарына жайғасты

Қазақстан Премьер-лигасы (ҚПЛ) әлемдегі ең қымбат футбол чемпионаттарының ТОП-30 тізіміне енді.

Бұл туралы Transfermarkt жазды. Аталған рейтингке сәйкес, ҚПЛ клубтарының жиынтық трансферлік құны 82,96 миллион еуроға бағаланып, Қазақстан чемпионаты Еуропадағы ең қымбат 30 лиганың қатарына жайғасты.

Еуропадағы ең қымбат футбол лигалары (жалпы құны бойынша):

Англия Премьер-лигасы – 12,53 млрд еуро

Испания Ла Лигасы – 5,45 млрд

Италия Серия A – 5,43 млрд

Германия Бундеслигасы – 4,81 млрд

Франция Лига 1 – 3,79 млрд

Португалия Betclic лигасы – 1,79 млрд

Түркия Суперлигасы – 1,28 млрд

Нидерланд Эредивизи – 1,26 млрд

Ресей Премьер-лигасы – 1,04 млрд

Бельгия Жюпилер Про-лигасы – 982,25 млн еуро


30. Қазақстан Премьер-лигасы –  82,96 млн еуро

Бұл көрсеткіш Қазақстан футболының халықаралық трансферлік нарықтағы орнын айқындап, лигадағы клубтардың қаржылық және кадрлық әлеуетін көрсетеді. Сарапшылардың пікірінше, рейтингке ену ҚПЛ-дың дамуына және шетелдік ойыншылар мен инвесторлардың қызығушылығын арттыруға оң әсер етуі мүмкін.

Фото: instagram/fca.astana