Павлодардың «Ертіс» және Қызылорданың «Қайсар» клубтары 32 жастағы жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханмен келісімшартқа отырғысы келеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Өткен маусымда ойын тәжірибесі болмағанына қарамастан, екі клуб тәжірибелі футболшыға деген қызығушылығын сақтап отыр. 2025 жылы Исламхан «Туран» мен «Астана» құрамында тіркелгенімен, ресми матчтарда ойнаған жоқ.
Исламхан 2014–2019 жылдары «Қайратта» өнер көрсетіп, командаға төрт Қазақстан кубогы (2014, 2015, 2017, 2018) және екі Суперкубок (2016, 2017) жеңуге көмектескен. Сонымен қатар, оның мансабында «Ордабасы», «Тараз», ресейлік «Кубань» және БАӘ-нің «Әл-Айн» клубтары бар.
Фото: "Астана" ФК