ҚПЛ: «Ертіс» 13 турдан кейін алғаш рет жеңіске жетті
Кеше футболдан Қазақстан Премьер-лигасының XIX турына жоспарланған үш матч өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Павлодардың «Ертісі» сырт алаңда Жезқазғанның «Ұлытауын» 2:1 есебімен жеңіп, 13 турдан кейін жеңіске жетті.
Кездесуде павлодарлық клуб сапынан Марко Евтич 17-минутта, Жан-Морел По 46-минутта мергендік танытты. Алаң иелерінің жалғыз голын 38-минутта Мартин Давид Анане соқты.
Тағы бір кездесуде Талдықорғанның «Жетісуы» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарынан» 1:2 есебімен жеңілді. Қонақтар сапында Александр Нойок 57-минутта, Стефан Баокен 82-минутта гол соқты. Ал «Жетісу» құрамынан 71-минутта Нұрбол Әнуарбеков мерген атанды. Осылайша, «Жетісу» қатарынан төртінші жеңілісіне ұшырады. Ал «Қызылжар» алты турдан кейін жеңіске жетті.
Сондай-ақ «Ақтөбе» өз алаңында «Оқжетпесті» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осы жеңістің нәтижесінде ақтөбелік клуб турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.
Турдың қалған кездесулері бүгін өтеді. Сағат 18:00-де «Тобыл» – «Атырау» ойнаса, 19:00-де «Астана» – «Алтай», «Елімай» – «Қайсар» және «Қайрат» – «Ордабасы» матчтары басталады. Ал турдың соңғы ойынында сағат 20:00-де «Каспий» «Жеңісті» қабылдайды.
Фото: "Ертіс" ФК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған