ҚПЛ-дің 24-туры: матчтарды 47 мыңнан астам жанкүйер тамашалады
Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аясындағы жеті матчты барлығы 47 300 жанкүйер тамашалады. Бұл — бір ойынға орта есеппен 6 757 көрерменнен келеді, деп хабарлайды malimsports.kz KazFootball.kz-ке сілтеме жасап.
Ең көп көрермен жиналған матч – «Қайрат» пен «Жетісу» арасындағы кездесу болды. Алматыдағы бұл ойынды 23 800 жанкүйер тамашалады. Кездесу 5:0 есебімен алматылық команданың жеңісімен аяқталған.
Ал ең аз көрермен келген ойындар — Жезқазғандағы «Ұлытау» – «Атырау» (1:5) және Астанада өткен «Жеңіс» – «Тұран» (6:3) матчтары. Екі кездесуді де бар болғаны 2 000 жанкүйер стадионнан бақылаған.
Жалпы биылғы маусым басталғалы бері Премьер-лига матчтарына 811 457 жанкүйер келген. Бұл бір ойынға орта есеппен 4 830 көрерменнен келеді.
24-турдың көрермен саны:
1.«Қайрат» – «Жетісу» (5:0) – 23 800 жанкүйер
2–3. «Елімай» – «Ордабасы» (2:1) – 6 500
2–3. «Ақтөбе» – «Қызылжар» (1:0) – 6 500
4.«Тобыл» – «Қайсар» (1:0) – 4 000
5.«Оқжетпес» – «Астана» (1:2) – 2 500
6–7. «Ұлытау» – «Атырау» (1:5) – 2 000
6–7. «Жеңіс» – «Тұран» (6:3) – 2 000.
Фото: instagram/f.c.kairat
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған