ҚПЛ: бүгін «Қайрат» пен «Ордабасы» арасында суперматч өтеді
Бүгін Алматыдағы Орталық стадионда Қазақстан Премьер-лигасының кезекті туры аясында жергілікті «Қайрат» пен Шымкенттің «Ордабасы» клубы арасында тартысты матч өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазіргі таңда екі команда турнир кестесінде алғашқы екі орынды иеленіп тұр. «Ордабасы» 43 ұпаймен көш бастап тұрса, «Қайрат» 42 ұпаймен екінші орында келеді. «Қайратқа» қарағанда шымкенттік клубтың бір ойыны кем екенін айта кеткен жөн.
Екі команданың алғашқы айналымдағы кездесуі Шымкентте өтіп, алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Енді қарымта кездесуде «Қайрат» өз алаңында есе қайтаруға тырысады.
Бүгінгі матчта екі командаға да жеңіс аса қажет. Өйткені бұл кездесу чемпиондық додадағы тартыстың тағдырына тікелей әсер етуі мүмкін. Егер «Ордабасы» жеңіске жетсе, басты қарсыласынан ұпай айырмасын ұлғайтып, чемпиондыққа бір табан жақындай түседі. Ал «Қайрат» жеңіске жетсе, чемпиондық бәсекедегі интрига бұрынғыдан да күшейе түседі.
Кездесудің маңызын жанкүйерлердің қызығушылығынан-ақ аңғаруға болады. Матчқа арналған билеттер ойын басталғанға дейін толық сатылып кеткен.
Айта кетейік, «Қайрат» пен «Ордабасы» арасындағы матч бүгін Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Фото: "Ордабасы" ФК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған