457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ҚПЛ: «Атырау» мен «Жетісу» тең тарқасып, «Ертіс» пен «Қызылжар» жеңіске жетті

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХХ турында «Атырау» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісу» командасымен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Турнир кестесінде қиын жағдайда тұрған қос команда да бұл ойынға қатарынан төрт жеңілістен кейін шықты. Сондықтан матчта жеңіске жету екі ұжым үшін де маңызды болды.

Кездесуде есепті 24-минутта алаң иелерінің капитаны Қуаныш Қалмұратов пенальтиден ашты. Алайда екінші таймның басында, 50-минутта «Жетісу» ойыншысы Шоқан Абзалов таразы басын теңестіріп, матч 1:1 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, осы турда павлодарлық «Ертіс» «Каспийді» 3:2 есебімен жеңсе, Петропавлдың «Қызылжары» «Ақтөбеден» 3:1 есебімен басым түсті.

Ал бүгін ХХ тур аясында «Оқжетпес» – «Алтай», «Ұлытау» – «Астана», «Жеңіс» – «Елімай» және «Ордабасы» – «Тобыл» кездесулері өтеді.

Еске салайық, тур аясындағы «Қайсар» – «Қайрат» кездесуі алдын ала, 5 мамырда өткізіліп, алматылық клуб сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

 

Фото: "Қызылжар" ФК