ҚПЛ: «Астана» орталық матчта «Ақтөбеден» басым түсті
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының XVII туры аяқталды. Турдың орталық матчтарының бірінде елордалық «Астана» өз алаңында «Ақтөбені» 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қос команда бес гол соғып, жанкүйерлерге тартысты ойын сыйлады. Оның үшеуін «Астана» футболшылары соқса, екі гол «Ақтөбе» еншісіне жазылды.
Осы жеңістің арқасында елордалық клуб турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.
Тағы бір кездесуде қостанайлық «Тобыл» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» 3:1 есебімен жеңіп, турнирлік жағдайын жақсартты.
XVII турдың нәтижелері:
«Жетісу» (Талдықорған) – «Алтай» (Өскемен) – 0:1
«Ертіс» (Павлодар) – «Жеңіс» (Астана) – 0:1
«Каспий» (Ақтау) – «Ордабасы» (Шымкент) – 3:2
«Ұлытау» (Жезқазған) – «Қайсар» (Қызылорда) – 1:0
«Астана» – «Ақтөбе» – 3:2
«Тобыл» (Қостанай) – «Оқжетпес» (Көкшетау) – 3:1
Айта кетейік, XVII тур аясындағы «Қайрат» – «Қызылжар» (3:0) және «Елімай» – «Атырау» (1:2) матчтары бұған дейін өткізілген болатын.
Қазақстан Премьер-лигасының келесі, XVIII тур ойындары 18 және 19 шілде күндері өтеді.
Фото: "Астана" ФК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған