457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ҚПЛ: «Алтай» мен «Каспий» кездесуі тең нәтижемен аяқталды

Кездесу барысында қарсыластар бір-бірінің қақпасына гол соғатын мүмкіндікті іздеді.

Қазақстан Премьер-лигасының үшінші туры мәресіне жетті, деп жазады malimsports.kz
Қазақпараттың жазуынша, бұл турды «Алтай» (Өскемен) мен «Каспий» (Ақтау) командалары түйіндеді. Кездесу барысында қарсыластар бір-бірінің қақпасына гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Дегенмен діттеген мақсатына жете алған жоқ. Осылайша олар 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Бұл турдан кейін «Алтай» 2 ұпаймен 11-орынға көтерілсе, «Каспий» 1 ұпаймен 15-орынға көтерілді.

Енді «Алтай» 4 сәуірде сырт алаңда «Ертіспен» кездессе, «Каспий» өз алаңында Талдықорғанның «Жетісуын» қабылдайды.

Ал төртінші турда өз алаңында «Елімай» 4 сәуірде қостанайлық «Тобылмен» ойнаса, «Ақтөбе» 5 сәуірде сырт алаңда Жезқазғанның «Ұлытауымен» шеберлік байқасады.

Үшінші турда семейлік «Елімай» командасы «Ақтөбеден» 4:1 есебімен басым түссе, көкшетаулық «Оқжетпес» Жезқазғанның «Ұлытауын» 2:1, елордалық «Астана» Қостанайдың «Тобылын» 2:0 есебімен қапы қалдырды. Сондай-ақ шымкенттік «Ордабасы» қызылордалық «Қайсарды» 2:0 есебімен жеңді, ал «Жетісу» (Талдықорған) мен «Қайрат» (Алматы), «Атырау» мен «Жеңіс» (Астана) 0:0, «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ертіс» (Павлодар) 2:2 есебімен тең ойнады.

Фото: kffleague.kz