Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымының күнтізбесіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қабылданған өзгерістерге сәйкес, кейінге қалдырылған бірқатар матчтың жаңа өткізу мерзімі бекітілді. Нәтижесінде чемпионаттың шешуші ойындары қазан айының соңына жоспарланып отыр.
Атап айтқанда, кейінге шегерілген 23-тур кездесулері 17–18 қазанда өтеді. Одан кейін командалар маусымның соңғы кезеңіндегі ойындарын жалғастырады. 29-тур матчтары 24-25 қазанға белгіленсе, Қазақстан Премьер-лигасының соңғы, 30-тур ойындары 31 қазанда өтеді.
Осылайша, барлық кездесуден кейін 2026 жылғы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталады.
Айта кетейік, Қазақстан кубогының финалының нақты өтетін күні әзірге жарияланған жоқ. Бұл жөніндегі ақпарат кейінірек белгілі болады.
Фото: "Ордабасы"