457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ҚПЛ-2026: бірінші тур матчтарын 50 мыңға жуық жанкүйер тамашалады

Қазақстан Премьер-лигасының жаңа маусымындағы алғашқы тур ойындарына жанкүйерлер көп жиналды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Премьер-лиганың бірінші турындағы сегіз матчты жалпы саны 48 301 көрермен тамашалаған. Бұл әр ойынға орта есеппен 6 038 жанкүйерден келеді.

Алғашқы турдағы ең көп көрермен  «Ордабасы» – «Ертіс» (2:2) кездесуіне жиналға. Бұл ойынды 16 800 жанкүйер тамашалады.

Ал ең аз көрермен Көкшетау мен Петропавл қалаларындағы ойындарға жиналды. «Оқжетпес» – «Елімай» (1:1) және «Қызылжар» – «Каспий» (2:1) матчтарына 1 500 адамнан келген.

Премьер-лиганың бірінші турындағы матчтарға келген жанкүйерлер саны:

1.«Ордабасы» – «Ертіс» (2:2) – 16 800 көрермен

2.«Астана» – «Жетісу» (4:1) – 10 001

3.«Қайсар» – «Жеңіс» (1:1) – 9 000

4.«Ақтөбе» – «Тобыл» (4:1) – 5 000

5.«Алтай» – «Қайрат» (0:1) – 2 700

6.«Атырау» – «Ұлытау» (0:0) – 1 800

7-8. «Оқжетпес» – «Елімай» (1:1) – 1 500

7-8. «Қызылжар» – «Каспий» (2:1) – 1 500.

 

 

Фото: Астана ФК