Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманы жаттықтыру үшін шетелдік маман шақыру жөніндегі ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
– Қазіргі таңда федерация шетелдік бапкерлермен ешқандай келіссөз жүргізіп жатқан жоқ, – деді ҚФФ бас хатшысы Давид Лория meta-ratings.kz басылымына.
Бұған дейін БАҚ-та Қазақстан құрамасын шетелдік бапкер жаттықтыруы мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Ықтимал кандидаттар қатарында Руй Жорже, Крис Коулман және Михал Пробежтің есімдері аталған еді.
Қазіргі уақытта ұлттық құрамаға бас бапкер міндетін Талғат Байсуфинов атқарып отыр. Оның жетекшілігімен команда ӘЧ-2026 іріктеуінің күзгі циклінде Солтүстік Македония және Бельгия құрамаларымен тең есепке келіп, Лихтенштейнді жеңген болатын.
Фото: ҚФФ