ҚФФ өңірлердегі жас футболшыларды даярлау жүйесін жетілдіруге кірісті
Қазақстан футбол федерациясы «Батыр жолы» жобасының екінші кезеңін бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Осыған байланысты 16-31 тамыз аралығында ҚФФ мамандары еліміздің бірқатар өңіріндегі футбол клубтарына жұмыс сапарымен барады.
Алғашқы кезеңде федерация өкілдері Ақтаудың «Каспий», Атырау және Семейдің «Елімай» клубтарындағы жас футболшыларды даярлау жүйесімен танысады. Негізгі назар 2014-2015 жылы туған ойыншылардың дайындығына аударылады.
Жұмыс сапарлары барысында ҚФФ мамандары клуб басшылығы мен жаттықтырушылар штабымен кездесіп, жаттығу процесін бақылайды. Сонымен қатар дайындық бағдарламалары талданып, практикалық сабақтар өткізіледі.
Практикалық жұмыстардан кейін әдістемелік талдау жүргізіліп, жаттықтырушыларға ҚФФ әзірлеген заманауи даярлық тәсілдері таныстырылады. Сондай-ақ мамандардың біліктілігін арттыру, дарынды футболшыларды анықтау және оларды жеке дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылады.
«Батыр жолы» жобасы Қазақстандағы футболшыларды даярлаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Жоба аясында жаттығу процесін ұйымдастыру, жас ойыншыларды дамыту және ұлттық құрамалардың ойын үлгісіне сәйкес ортақ әдістемелік қағидалар енгізілуде.
Қазіргі уақытта ҚФФ «Елімай», «Каспий», «Атырау», «Ақтөбе», «Жас Қыран» және «Ордабасы» клубтарымен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр. Алдағы кезеңдерде жобаға еліміздің өзге футбол клубтары мен академияларын да қосу жоспарланған.
Әрбір жұмыс сапарының қорытындысы бойынша ҚФФ мен футбол орталықтары алдағы әдістемелік, кадрлық және ұйымдастырушылық жұмыстардың негізгі бағыттарын айқындайды.
Фото: ҚФФ
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған