457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ҚФФ Байсуфиновтың қызметінен кететіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

ҚФФ Талғат Байсуфиновқа толық қолдау білдіреді

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Федерацияның хабарлауынша, соңғы күндері бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында тараған бапкердің отставкаға кетуі туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

ҚФФ ұлттық құраманың қазіргі бас бапкеріне толық қолдау білдіретінін мәлімдеп, оның қазақстандық футболды дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.

«ҚФФ Талғат Маруаұлы Байсуфиновқа толық қолдау білдіреді және оның кәсіби қызметін, Қазақстан ұлттық құрамасын дамытуға қосқан үлесін, сондай-ақ команданы алдағы матчтар мен турнирлерге дайындау бағытындағы жұмысын жоғары бағалайды», – делінген федерацияның ресми мәлімдемесінде.

Сондай-ақ федерация БАҚ өкілдерін, блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды.

«Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, блогерлерді және әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және қоғамды жаңылыстыруы мүмкін расталмаған ақпаратты таратпауға шақырамыз. Кадрлық шешімдерге қатысты барлық ақпарат Қазақстан футбол федерациясының ресми коммуникация арналары арқылы ғана жарияланады», – деп мәлімдеді ҚФФ.

Еске салайық, бұған дейін бірқатар ақпарат құралдары Талғат Байсуфинов жақын уақытта ұлттық құрамадағы қызметінен кетуі мүмкін екенін хабарлаған болатын. Алайда ҚФФ бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.

Айта кетейік, жуырда Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Армения құрамасымен сырт алаңда тең түскен еді.

Фото: ҚФФ