457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ҚФФ «Алтай» қақпашысын төрт матчқа ойыннан шеттетті

Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және әдеп жөніндегі комитеті кезекті отырысында бірқатар тәртіптік шешім қабылдады. Соның бірі – «Алтай» клубының қақпашысы Әбілқайыр Әлиақбарға қатысты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Комитеттің мәліметінше, Қазақстан кубогының 2026 жылғы маусымындағы «Ордабасы» мен «Алтай» арасындағы жартылай финалдық кездесу кезінде футболшы матчтың ресми тұлғаларына балағат сөз айтып, спорттық әдепке қайшы әрекет жасаған.

Осыған байланысты Тәртіптік регламенттің 45-бабына сәйкес Әбілқайыр Әлиақбар төрт матчқа дисквалификацияланды. Жаза мерзімі 2026 жылғы 16 шілдеден бастап есептеледі.

Айта кетейік, 20 жастағы Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы «Ордабасыға» қарсы өткен алғашқы жартылай финалдық кездесуде (1:3) алаңға шыққан жоқ. Ол матчты қосалқы құрамда өткізді.

Ойын аяқталғаннан кейін бас төреші Данил Горда қақпашыға қызыл қағаз көрсетті. Бұл шешім матч хаттамасына енгізілгенімен, оқиғаның өзі тікелей эфирде көрсетілмеді.

Биылғы маусымда Әбілқайыр Әлиақбар «Алтай» сапында барлық турнирде төрт матч өткізіп, пенальти қайтарудағы шеберлігімен көзге түсті.

 

Фото: Depositphotos/sociopat_mpat©